Friday, 22 November,2024

Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады

Uaqyt.info
Фото

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады. Елдің келесі басшысы қызы Ким Чжу Э болуы мүмкін деп хабарлайды Уақыт. кз.

Бұл туралы аталмыш елден қашып шыққан бұрынғы дипломат Newsweek сайты тілшілеріне айтып берген. Сөзінше қазір Солтүстік Кореяда ішінара Ким Чен Ынның қызы мен әпкесі арасында таққа таласы жүріп жатыр.

 Десе де бұрынғы дипломат Ко Ён Хван нақты мұрагердің анықталып қойғанына тоқталуда. Ол бұған Ким Чен Ынның ядролық қаруды сынау кезінде қасына қызын ертіп жүруін басты дәлел ретінде келтіріп отыр.

Жақында Ким Чжу Э-нің "Хвасон-17" баллистикалық ракетасын сынау кезінде әкесінің қасында жүргенін көруге болады. Дәл осы көрініс мемлекеттегі ядролық қарудың келесі иесі кім екенін айқындауда.

Бұған дейін Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон тақ мұрагері болуы мүмкін деген болжамдар жиі айтылды. Бірақ Ким Чжу Э-нің халық алдына шығуы бұған дейін белсенді болған Ким Ё Чжон-ды екінші орынға сырғытып отыр.

Ұсынылатын