Saturday, 23 November,2024

Кім чушпан? Отарда әскерилердің қатысуымен жаппай төбелес болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Отар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы ғаламторда тарады. Тәртіпсіздікке қатысы бар алты адам ұсталған. Оның екеуі әскери қызметшілер, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. Онда Отардағы жаппай төбелесте әскери қызметшілер екі тұрғынды ұрып-соққаны айтылады. Бұған қатысты Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы гарнизонының ресми өкілдері оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, оқиға 1 қаңтарда болған. Екі тұрғын дене жарақатын алған. Қордай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардейск гарнизонының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бар екені анықталды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қылмыстық-процестік кодекстің 128, 131-баптарына сәйкес алты адам ұсталды, оның ішінде қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына екі әскери қызметші қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Гарнизон өкілі басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайтынын жеткізді.

Ұсынылатын