Sunday, 24 November,2024

Кім кімді алдаған? Талдықорғанда 15 жастағы қыз жездесінен жүкті болып қалды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Талдықорғанда кәмелет жасына толмаған қыз жездесінен көтеріп қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық полиция департаменті дерегіне сүйенсек, 15 жастағы қыз Талдықорған қаласындағы орта оқу орындарының бірінде оқитын көрінеді. Дәрігерлер оның жағдайын білгенде, қыз екі жақтың келісімі бойынша өзінің туған әпкесінің күйеуімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындапты.

Жасөспірім қыз оқитын мектеп басшылығы оның 4 жасында анасынан айырылғанын кейін әкесі екінші рет үйленіп, қыздың өгей шешесінен әпкесі болғаны анықталды.

Бойжеткен мектеп өміріне белсене араласып, жақсы оқиды екен. Ол көктемде босануға тиіс болған. Қазір полиция қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Жездесі 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп немесе сол мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ұсынылатын