Кім кінәлі? Алматылықтар танымал қаржы пирамидасына 75 млн теңге салған
"Q-net" қаржы пирамидасы алматылықтардың 75 миллион теңгеге алдаған. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Q-net» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқару күдігіне қатысты істі тергеуді аяқтағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін «Q-net» қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды. Оның қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген. Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Тергеу барысында сомасы 27,7 млн теңге болатын мүлікке арест қойылды.Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз», - делінген хабарламада.