Кім кінәлі? Астанада екі жұмысшы биіктен құлап мерт болды
Астанада тұрғын үй құрылысы алаңында 2 жұмысшы 15 қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 10 тамызда болған. Жоғарыдан құлаған 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында тіл тартпай кетті.
«2023 жылғы 10 тамызда «Алматы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «A-City» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісінде биіктен екі адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. А.Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешені қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау кабелінің үзілуі салдарынан 15-ші қабат биіктіктен 2 жұмысшының құлағаны анықталды», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.