Saturday, 23 November,2024

Кімнің сойылын соғып жүрміз? Украинаға шабуалдаған дрондар бөлшегін Ресейге жеткізушілер арасында Қазақстан да бар

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Украина үздіксіз шабуалдаған ресейлік және ирандық дрондардың бөлшектерін сараптады. Нәтижсенде бұл бөлшектердің Еуропалық компанияларға тиесілі екені анықталды. Ал оны Ресейге жібергендер тізімінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы The Guardian жазды. Онда 47 беттен тұратын баяндамамен танысып шыққаны, әрі кейінгі үш айда Украина қалаларына еуропалық компоненттері бар 600-ден астам дрон шабуылдағаны айтылады.

Ирандық "Шахед-131" дронында Батыста шығарылған 52 компонент табылған. Ал ұзақ қашықтыққа ұшатын "Шахед-136" дронында мұндай бөлшек саны — 57.

Украина билігінің мәліметінше, дрон жүйесінен табылған компоненттер Еуропадағы бес компанияда әзірленген: немістің Ti Automotive Gmbh мен International Rectifier, швейцариялық STMicroelectronics және U-blox, голландық NXP Semiconductor компаниясы. Құжат авторларының ақпаратынша, Батыс компаниялары өндірген бөлшектер Иранға Түркия, Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан, Вьетнам және Коста-Рика сияқты үшінші елдер арқылы тасымалданады.

27 қыркүйекте АҚШ Иранға дрон бөлшектерін тасымалдаған Қытай, Гонконг, Түркия, Иран және Біріккен Араб Әмірліктерінің бес заңды және екі жеке тұлғасына санкция салды.  

Ұсынылатын