Киносынан 1 млрд теңге табыс тапқан продюсер сотқа жүгінді
Танымал кинопродюсер Құралай Анарбекова "Брат или Брак 3" фильмінің "пират" нұсқасын таратқандарды сотқа берді. Өнер иесі заңсыз әрекетке барғандардың үстінен 220 млн теңге өндіріп алмақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Құралай Анарбекова "Revue News" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Бұл жағдай бізді алаңдатты. Мен мұндай жағдай боларын алдын ала болжап, фильмді заңсыз көрсетуге қарсы компанияны жалдадым. Телеграм немесе тағы да басқа да әлеуметтік желілерде шығып жатса, бірден парақшасы бұғатталады. Қазіргі уақытта киномыз желіде жоқ. Бірақ кейбір Telegram-каналдарға шығыпты. 2-3 мың қаралым болған парақшаларды таптық. Енді нақты ол адамды сотқа беріп, үстінен 220 млн теңге айыппұл салдырып жатырмыз", - деді кинопродюсер.