Saturday, 23 November,2024

“Кітап жазып жатыр”. Қыдырәлі Болманов жазушылыққа ден қойды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал жұп Қыдырәлі мен Қарақат болашақта кино түсірмекші. Әншінің айтуынша, күйеуі қазіргі уақытта кітап жазып жатыр, ал кино соның желісі бойынша таспаланбақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы әнші “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда Қарақат Әбілдина күйеуі Қыдырәлі Болмановтың жазушылыққа ден қойғанына тоқталған. Тіпті болашақта сол кітаптың желісімен кино да түсірмек.

“Биыл Қыдекеңнің де үлкен тартуы бар. Ел айтып жүрген мерейлі 60 жасқа биыл толмайды. Жеке куәлігінде қате кеткен. Ол бөлек әңгіме. Оны толығырақ жазып жатқан кітабынан білетін боласыздар. Қазір ол кісі кітап жазудың қызығына кіріп кеткен. Жатса да, тұрса да ойлайтыны сол. Кітап желісімен фильм де түсіргіміз келеді. Ол енді болашақтың еншісінде. Жаңа жылға жоспар көп”, – деді Қарақат Әбілдина.

Ұсынылатын