Saturday, 23 November,2024

Клебановтың кімнің ала жібін аттады? Олигархты ескі әріптесі сотқа берген

Алмас Абылай
Фото

АҚШ соты қазақстандық олгарх Александр Клебанов пен Сергей Канды сотқа шақырды. Олар рейдерлік әрекет бойынша жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Іnbusiness.kz-тің жазуынша, оларды Америкада қазақстандық бизнесмен, "Қазақстан Эксимбанкі" директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі, "ЦАЭК" бұрынғы президенті Еркін Әмірханов сотқа берген.

Белгілі болғанындай, америкалық сот олигархтарға және ҚР ҰҚК өкілдеріне соттағы талқылауға қатысуға шақырту жіберген. Соған сәйкес, олар Нью-Йорктің шығыс округі бойынша АҚШ Округтік сотына келуі керек.

Бірақ бұл азаматтық іс болып табылады. Талап арыз "ескі Қазақстан" тұсында, 2018 жылы болған атышулы оқиғаға қатысты. Яғни Әмірханов өзіне тиесілі ЦАТЭК акцияларымен қош айтысу мәселесін қайта даулап отыр.

2018 жылғы 18 сәуірде Ұлттық банктің жұмысын қорытындылауға арналған кеңесте сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Эксимбанкті", Qazaq Banki және "Астана банкін" аяусыз сынға алды. Сарапшылардың пікірінше, бұл мәлімдеме қожайындарының ашық қарсылығына қарамастан, аталған банктердің жабылуына негіз болды. Ұлттық банк дереу олардың банктік лицензиясын тоқтатты.

Енді араға жылдар салып бұрынғы "Эксимбанк" қожайыны қос энергетикалық магнаттың үстінен 21 сәуірде америкалық сотқа шағымданған. Ал биылғы 22 қыркүйекке дейін жауаптылар сотқа келуге тиіс. Әйтпесе, америкалық заңнамаға сәйкес, егер Клебанов, Кан және ҰҚК өкілі аталған сот талабына ден қоймаса, онда оларға қарсы сырттай шешім қабылданады.

Ұсынылатын