Thursday, 14 November,2024

Көк қағазға құнықтырған көгілдір отын: Құзырлы орган халықты тонаған кәсіпкер әрекетіне көз жұмып келген бе?

Uaqyt.info
Фото

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасына дейін елдегі газ бағасын реттеу, тұрақтандыру тапсырмасын бергені еді. Бірақ мұнай өңдеу зауытындағы шикілік бұл міндетке мүмкіндік бермеді. Өңірлерге газ тартып отырған ұйымдар сол бармақ басты әрекеттің құрбаны болған, деп хабарлайды Uaqyt.info Ratel-ге сілтеме жасап.

Жағдай Павлодардағы мұнай-химия зауыты мен өңірлерге газ тартып отырған ұйымдары арасындағы аласапыраннан бастау алады. Яғни жекелеген компаниялар сұйытылған газды аталмыш зауыттан 2015 жылға дейін тікелей алып отырған.

Алайда, дәл осы жылдан бастап зауыт пен газжелілік  ұйымдары арасында делдал пайда болып, тікелей зауыттан газ алып келген ұйымдар амалсыз «City Gas Service» ЖШС деп ашылған серіктестікке күндері қарайды. 

Бірте-бірте зауыт өнімі газ ұйымдарына жеткенше ортада бірнеше компания пайда болады. Бірі - зауыт қақпасына шығарғаны үшін ғана газ бағасын қымбаттады. Осылай бұрынғы тоннасы 4500 теңге деген арман болып,  серіктестік өз қызметін бірден 337 пайызға, яғни тоннасын 15 191 теңгеге қымбаттатады.

Ортаға түскен компания бұның себебін тағы бір ойда жоқта пайда болған серіктестік қызметімен байланыстырған. «Газ толтыру станциясы жал құнын қымбаттатып жіберді» деп түсіндіреді. Ол жалға беру мөлшерін 19 642 857,14 теңгеге өсіріпті.

Осы тұста мемлекетке  тиесілі зауыт аумағынан жекеменшік екі компания қалай және қайдан пайда болды деген заңды сұрақ туындайды???

Анық болғандай, алғашқы компания зауыт аумағына тамырын 2013 жылы жайып үлгерген екен. "BIG Capital IST» мұнай-химия зауытына қарасты 0,5675 га жерін сатып алған. Ол маңда зауыттың қосалқы блок ғимараты, сұйытылған көмірсутекті газдың үш калонкасы, салмақ өлшеу және тұрмыстық заттарға арналған бөлмесі орналасқан.

"BIG Capital IST» компаниясы бұған қарамастан сол тұсқа өзінің газ толтыру станциясын салып, оған келетін газ құбырын тікелей зауытқа жалғап алған. Сонымен қатар, мұнай-химия зауыты еш конкурс өткізбестен өзіне тиесілі сұйытылған газ сорғы ғимараттарын, мұнай-химия өндірісінің технологиялық процесіне қатысатын сорғылардың өзін және технологиялық құбыр мен түрлі сыйымдылық цистерналарын сол серіктестікке беріп жіберген.

Ал 2016-2017 жылдары аталмыш компания зауыт аумағынан тағы 3 учаскені сатып алады. Кейінірек мұнай зауытының заңгері Сайфутдинов куә ретінде жауап бергенде мәмілелер зауыт басшысының  тапсырмасы бойынша жасалғанын айтады.

Осылайша бұрындары көгілдір отын алуға ниеттілер тікелей зауытқа келіп, өзінен алып жүрген болса, бертін келе аспаннан түскендей ауадан ақша жасайтын 2 компанияға жөнсіз ақша төлеуге мәжбүр болған.

Олар тек газ құбырының бұрандасын ашып және жауып бергені үшін ақша алып отырды. Олардың әрекеті мұнымен шектелмеді. Зауыт аумағынан теміржол жолдарын, газ құю эстакадасын жетілдірді. Вагон-цистерналарды жалға алып теміржол тұйығын салып ондағы көгілдір отынды барынша монополияндыруға тырысты.

Тіпті зауыттан шыққан газды әлгі тұйыққа дейін жеткізу тоннасына 28 мың теңгені құрады. Ал басқа компаниялар өз вагондарымен алып кетуге кірген болса онда олардың теміржол тасымалы апталап тұралап қалатын.

Былтыр 21 шілде экономикалық тергеу департаменті "City Gas Service" ЖШС-нің өңірлік филиалы директоры Александр Кичеровке қатысты ірі мөлшерде кіріс алды деген күдікпен ҚР ҚК-нің 221-бабы (нарық субъектілерінің монополиялық жоғары немесе келісілген бағаларды белгілеуі және (немесе) ұстап тұруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінен сатып алынған тауарларды қайта сатуға шектеулер белгілеу, сондай-ақ егер олар ірі залал келтірсе, бәсекелестікті шектеуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кичеров сонымен қатар "BIG Capital IST" ЖШС-нің ресми өкілі және "Intertrans C. A." Компаниясының "Достық"ЖШС-нің атқарушы директоры болды. Бір адам бірнеше компанияның өкілі болған.

Тіпті өткен жылы қыркүйек айында оның ноутбугынен сорғыш фирмаларға газды ауыстырып тиеу үшін ғана емес, оны экспортқа сату арқылы газдың өзі үшін де ақша алуға мүмкіндік беретін схема анықталды. Заң бойынша газды қайта өңдеуші, яғни зауыт немесе көмірсутек шикізатының иесі ғана сата алады.

Ал мұнай-химия зауыты Ресейден келетін батыссібір мұнайын өңдейді. Демек оны сол мемлекет сатуға құқылы. Десе де бұл мұнайды жеткізушілер олар зауытқа кірген бойда келісім-шартқа қол қоюға «көндірген», оған сәйкес олардың аздаған бағаға газының едәуір бөлігі жекеменшік тағы бір компанияның  меншігі болып шықты.

Мұндағы құрамдас бөліктер арқылы полипропилен өндірісі алынды, ал өңдеу нәтижесінде түзілген фракциялар «INTERTRANS C.A.» меншігіне өтті. Фракциялар құбыр арқылы мұнай-химия зауытына қайтарылған.

Бірақ бұл үрдісті өңдеудің қажеті болмаса да қосындыны өңдеу деп атады, ал «INTERTRANS C.A.» шикізатты жеткізуші ретінде зауыт пен мемлекетке түсуі тиіс миллиардтаған теңгенің газын экспортқа сатты.

Биыл 16 ақпанда Кичеровке қатысты қылмыстық іс оның рақымшылық жасау туралы өтінішінен кейін үнсіз тоқтатылған. Тіпті тыныш жасалған әрекетті халық та, зардап шеккен жекелеген газ таратушы ұйымдар да білмей қалады.

Сағызша созылған істің мән жайын анықтау үшін адвокат Гүлбақыт Бижанова кіріседі. Осылайша бір ай бойына іс материалдарымен танысамын деп экономикалық тергеу департаменті мен облыстық прокуратураның арасында жүгіреді. Бірақ нәтиже болмайды.

Ақырында адвокат мән-жайды бас прокуратураға шағымданғаннан кейін бірақ білген. Яғни Бижанова іс папкасын қолына алып, ішін қарағанда неліктен ай бойы жергілікті құзырлы органның жолатпауға тырысқаны ашылады. Онда тергеуші жоғарыда аталған компаниялардың барлығының бір-бірімен байланысы, яғни топтық жұмыс істеп тұрғанын айқын көрсететін дәлелдемелерді енгізбегенін және олардың рақымшылық бойынша істі тоқтатуға құқығы болмағанына көз жеткізген.

Осы тұста заң кімді қорғап отыр деген сұрақ туындайтыны анық...

Ұсынылатын