Көкек айы неге “Сәуір” аталды?
Араб тілінен енген сәуір сөзі – “Өгіз” деген мағынаны білдіреді. Ол жұлдыз тізбегі бойынша “Торпақ шоқжұлдызының” тобына кіреді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қызықты деректі белгілі ақын, жазушы Ұларбек Дәлейұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, сәуір деген сөз қазақ қоғамына 90 жылдары еніп, көкек уақыт өте келе қолданыстан шығып қалған.
"Бұл айдың бағзыдан келе жатқан нақты аты – көкек. Айдың “көкек” деп аталу себебі – көктемнің бір белгісі ретінде көкек құсының шақыратын уақытымен байланысты. Көшпелі түріктер бұл айдағы құс үні мен жұлдыздар өзгерісі, аспан әлпеті, жер жағдайы, Тәңір тәпсірі, өткен заман түйткіліне қарап алдағы жазды, күзді қысты болжады. Ал ислам діні келген соң “Сәуір амалы” деген түсінік пайда бола бастады. Отамалы, Бесқонақ, Сарыатан-Зәуза, Сәуір амалы, Құралайдың салқыны... амалдар тізбегі осылай кете береді", - деп жазды Ұларбек Дәлейұлы.