Saturday, 5 October,2024

Көкшетауда 17 студент сушидан уланып қалды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Көкшетаудағы дәмханалардың бірінен жапон тағамын жеген 17 адам уланып қалды, деп хабарлайды, Uaqyt.info.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, студенттер суши жиынтығына тапсырыс бергеннен кейін өздерін жайсыз сезіне бастаған. Олардың барлығында жүрек айну, құсу, диарея және дене температурасының жоғарылауы секілді бірдей шағым болыпты. Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына жапон тағамын сатып алуда абай болуға шақырады.

«Санитарлық қызмет дәмханаға жоспардан тыс тексеру жүргізген кезде аурудың таралуына ықпал еткен санитарлық ережелердің өрескел бұзылғандықтарын анықтады. Нақтырақ алсақ, технологиялық үрдіс сақталмағаны, ыстық сумен жабдықталмағаны, ыдыс - аяқты сапасыз өңделгені, тамақ өнімдерінде ішек таяқшасы мен стафилококк тобының бактериялары, өндірістік бақылау бағдарламасының объектісінде болмауы, өндірістік бақылау жүргізуге шарттың болмауы, қызметкерлерде стафилококк бары анықталды. Сонымен бірге, қызметкерлері медициналық тексерістен уақытылы өтпеген», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын