Көкшетауда адам сүйектері салынған пакет табылды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Көкшетауда зират аумағынан пакетке салынған адам қаңқасы табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам сүйектері салынған пакет 24 сәуірде табылған. Бұл туралы 102 пультіне куәгерлердің бірі хабарлапты. Адам қаңқаларын тұрғындар зират аумағына сенбілік жұмыстарды жүргізіп жатқанда көрген.
“Шақырту орнына жедел-тергеу тобы барды. Тексеру кезінде сүйек қалдықтары табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады”, - делінген хабарламада.