Көкшетауда ер адам өз-өзін атып өлтірді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Көкшетауда суицид жасаған ер адамға қатысты полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 27 сәуірде болған. 1960 туған ер адам ТОЗ-8 маркалы мылтығынан өзін-өзін атып жіберген. Алған жарақаттан 63 жастағы зейнеткер көз жұмды. Әзірге марқұмның неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз.
“Оқиға орнынан алынған қару бойынша сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады”, - деді баспасөз қызметіндегілер.