Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке жеккен жеңгетай ұсталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Көкшетауда үш қызды жезөкшелікке жеккен 25 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы пәтерлердің бірін притонға айналдырған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
«Атап айтқанда, жеңгетай клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін үш әйелді пайдаланған. Олардың бірі облыс орталығының тұрғыны болса, екеуі өзге елдімекендерден келгендер. Қазіргі уақытта осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 308-бабы (жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.