Көкшетауда сүндеттелгеннен кейін 10 жасар бала қайтыс болды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қайғылы оқиға Ақмола облыстық көпсалалы балалар ауруханасында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Qazaqstantv жазуынша, операциядан кейін жасөспірім үйіне жіберілген. Алайда баланың денсаулығы нашарлап, екі күннен кейін қайта дәрігерге көрінген. Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне анафилактикалық шок себеп болуы мүмкін.
Қазір баланың өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.