Saturday, 23 November,2024

Көкшетауда түнгі клубта қыздар төбелесті (ВИДЕО)

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Көкшетаудағы түнгі клубтардың бірінде әйелдер төбелесіп, соның салдарынан 27 жастағы қыз ауруханаға түсті. Бұл туралы полицейлерге дәрігерлер хабарлаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Көкшетау қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, төбелестен 27 жастағы қыз түрлі дене жарақатын алған. Тексере келе, жанжалдың басы би алаңында пайда болғаны анықталды. Билеп жатқан әйелді екіншісі байқаусызда итеріп жіберген. Ал оның соңы төбелеске ұласады.

“Бұзақылық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 31 жастағы әйелді анықтады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.  

Ұсынылатын