Sunday, 8 December,2024

Көкшетауда үш деген баға алған оқушы суицид жасады

Uaqyt.info
Фото pixabay

Көкшетауда ағылшын пәнінен үш алып қалған оқушы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әсем Әбдірахманованың айтуынша, ағылшын пәнінен емтихан тапсыра алмай қалған оқушы қыздың өліміне қатысты тергеу амалдары басталды.

«Қылмыстық кодекстің 105-бабы «өлімге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, қыз өзіне-өзі қол жұмсаған және артында жазба қалдырған. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық істі тергеу жалғасуда», - деді Әсем Әбдірахманова.

Ұсынылатын