Thursday, 2 May,2024

Көкшетаудағы көлден жарылғыш зат табылды

Uaqyt.info
Фото

Көкшетаудағы Қопа көлінен мина табылды. Жарылғыш затты балықшылар көріп, полицияға хабар берген, деп хабарлайды Уақыт. кз.

 

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлдегі мина туралы хабарламаны балықшылар 23 наурызда 102 пультіне түсірген. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер тексер келе жарылғыш заттың әскери емес,  оқу-жаттығуға арналған мина екенін анықтады.

«Жергілікті полицияға балықшылар хабарласып, Қопа көлінде ТМ-62 минасы табылғанын айтты. Тексеріс барысында аталмыш минаның әскери емес, оқу-жаттығуға арналғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Ұсынылатын