Saturday, 23 November,2024

Көлігін тапшанға айналдырған шетелдік азамат жауапқа тартылды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Жамбылдық полицейлер көлігін «тапшанға» айналдырған шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Polisia.kz медиа-порталы жазды. Полиция департаменті патрульдік полиции батальонының қызметкерлері «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикиқ іс-шарасын өткізу кезінде ГАЗель автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде ерекше дерек анықталды. Автокөліктің салоны отыратын тапшанға айналғандығы анықталды. Салон ішінде 12 жолаушы, ониң 5-еуі бала болды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі және 590-бабы 7-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамал ар толтырылды. Азаматтың Қазақстан Республикасында төленбеген бірнеше айыппұлы бар болып шықты және автокөлікті айдауға сотпен тыйым салынғандығы белгілі болды.

«Жүргізуші мен жолаушылар көрші мемлекеттің азаматтары екендігі және Ресейге табыс табу үшін бара жатқандығы анықталды. Олардың заңсыз қайта жабдықталған көлікпен осындай алыс жолға шыққанда не ойлағаны белгісіз. Ең басстысы, біз, дер кезінде тоқтатып, жауапсыз әрекеттің теріс нәтижесінің алдын алдық. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Қызмет барысында біз күн сайын әртүрлі жағдайларға тап болемыз. Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, жол ережелерін қатаң сақтаңыздар! Бұл жолы барлығы сәтті болады немесе қорқынышты ештеңе болмайды деп ойламаңыздар. Ешкім ешнәрседен сақтандырылмаған, кез-кельген уақытта кез-кельген жағдай болуы мүмкін! Жолдардағы қауіпсіздік үшін әрқайсыңыз жауапты екеніңізді түсініңіздер!» – дед Жамбыл облысы ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Дәулетбек Жанғабылов.

Ұсынылатын