Sunday, 8 December,2024

Көлік қақса кімді кінәлайды? Қонаевта ұлының туған күніне көкпар ұйымдастырған ер адам жазаға тартылды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Алматы облысы Қонаев қаласында ер адам ұлының туған күніне көкпар ұйымдастырған. Бірақ ат тізгіндегендер республикалық маңызы бар тас жолға шығып, көліктерге кедергі болған көрінеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жағдайдың бейнежазбасын Алматы облысының полиция басшысы Бауыржан Әленов әлеуметтік парақшасында жариялады. Онда бір топ аттының тас жолда жүргенін байқайсыз.

Оқиға 2 қыркүйек күні тіркеліпті. Яғни кешқұрым сағат 21:40-та Қонаев қ. "Береке" кафесінің жанындағы Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар автожол бойында бір топ адам көкпар ойынын өткізгені туралы хабарлама түскен.

"02.09.2023 жылы 1979 ж.т. азамат, балаларының туған күніне орай Қонаев қаласының шетінде "Көкпар" ұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын бөлімшеге жеткізді. Барлығы дерлік ҚР ӘҚБтК-нің 434, 406, 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген жазбада.

Ұсынылатын