Tuesday, 23 April,2024

Көлікте қауіпсіздік белбеуінсіз отырған Илья Ильин мен Азамат Қайратұлы айыппұл арқалады

Алмас Абылай
Фото

Спортшы Илья Ильин және "Қазақстан спортшылар одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азамат Қарлығашев жол ережесін сақтамағаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды. Ол әлеуметтік парақшасында спортшының қымбат көлікке отырған бейнежазбасын жариялаған. Видеода Илья Ильин елдегі шенділердің бірімен кетіп бара жатқанын айтып мақтанады. Тіпті оның астындағы көліктің де қарапайым емесін айтқан.

Дей тұрғанымен бұл бейнежазба желі қолданушыларының назарына түсіп, олар ереже бұзғаны туралы полицияға арызданған.

Нәтижесінде көлік тізгініндегі Азамат Қайратұлы екі баппен, яғни қауіпсіздік ережесін тақпағаны және жол ортасында тоқтағаны үшін айыппұл арқалады. Сонымен қатар спортшы Ильинде әкімшілік кодекстің 615 бабымен жауапкершілікке тартылған.

Ұсынылатын