Saturday, 23 November,2024

Колледж студенттерінің жасөспірімді жабылып ұрған видеосы жұртты шошытты

Uaqyt.info
Фото pixabay

Атырауда бір топ жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Студентті жабылып ұрған жасөспірімдердің видеосы Аликош Романова есімді Facebook қолдданушысы өзінің жеке парақшасында жариялады. Онда бір топ жігіттің бір адамды жабылып, тепкілеп жатқанын көруге болады.  Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 11 сәуірде болған.

«Атырау қаласындағы колледж жатақханасының жанында 2007 жылғы жасөспірімге дене жарақаты салынған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 2-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті ретінде 2006 және 2007 жылғы жасөспірімдер ұсталды. Олар Атырау қаласындағы №2 полиция бөліміне жеткізілді», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын