Monday, 25 November,2024

Көмір шахтасындағы өрт: Тағы бір кеншінің мәйіті табылды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қарағандыда көмір шахтасындағы апаттан қаза болған үшінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қаза тапқан кеншінің кім екенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Компания көз жұмған кеншілердің отбасына материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Көмекке жерлеуге байланысты шығындарды жабу, қайтыс болған жұмысшылардың он жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем, 18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (бала студент болса, 23 жасқа дейін) және 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығыстарға ақы төлеу, тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы.

Сонымен қатар қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу, ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу, серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен лагерьлерге жыл сайын жолдама беру мәселесі де қамтылмақ.

Еске салайық, бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт шыққан  еді. Шахта ішінен 222 қызметкер жер бетіне шығарылып, бес адамды іздеу жұмысы жүріп жатқанын хабарланған. Кейін шахта ішінен 2 кеншінің денесі табылды.

 

Ұсынылатын