- Басты жаңалықтар
- Сот
- Көмірден жеген: Жетісу облысында 100 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған кәсіпорын басшысы сотталды
Көмірден жеген: Жетісу облысында 100 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған кәсіпорын басшысы сотталды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды. Бұл туралы жергілікті прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды» - делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, сотты болған экс басшы көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты өзге коммуналдық кәсіпорын басшысымен бірлесіп, аффилиирленген компания арқылы рәсімдеген.
Аталған факт арнайы прокурорлардың тексерісі нәтижесінде анықталып, тергеп-тексерілді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.