Композитор Арман Қайназаров қайтыс болды
Алмас Абылай

Ақын, композитор Арман Қайназаров қайтыс болды. Ақпаратты Тимур Нұғман растаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Ол 4 қыркүйекте Шаңырақ шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп қалған. Сол күні жансақтау бөліміне түсті. Кейін комаға түскен. 19 қыркүйекте ол қайтыс болды", - дейді Тимур Нұғман.
Айта кетейік, бұған дейін Арман Қайназаровтың ішкілікке салынып, бомж болып кеткенін жазған едік. Аянышты халге түскен азамат кейіннен өнер жолына қайта оралды.