Көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен екі баланың жағдайы ауыр
Елімізде бір күнде екі бала терезеден құлап кетті. Оқыс оқиғаның бірі Ақтөбеде, енді бірі Қарағанды облысындағы Саран қаласында болған, деп хабарлайды uaqyt.info.
ТЖМ мәліметінше, 29 наурызда Саранда үш жастағы қыз бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Ақтөбеде дәл осындай жағдай. 2021 жылы туған қыз 5-ші қабаттағы пәтер терезесінен құлаған. Екеуі де ауыр халде ауруханада жатыр.
ТЖМ ата-аналарға ескерту жасады:
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- бала терезенің алдына шыға алмауы үшін жиһазды терезенің жанынан алып тастаңыз;
- москит торына сенбеңіз! Олар баланы қорғауға арналмаған;
- балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіш қойыңыз;
- ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балаларға түсіндіріңіз;
- егер бекіткіш құрылғы орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда орнатыңыз.