Tuesday, 14 May,2024

Кореялық жігіттің "Сыған серенадасы" әнін домбырамен орындағаны жұрт жүрегін елжіретті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Корей әншісі Сонг Вон Соб Қазақстан халқын тағы бір қуантты. Бұл жолы ол тіпті кезекті ән шашуын домбырамен үндестірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әуезді әнді әнші өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады. Видеода кәріс жігіттің домбыра шертіп бастағанын байқайсыз. Мұнан кейін "Сыған серенадасы" әнін кәріс тілінде орындап шығады.

Әншінің қазақ әнін орындағанына халық дән риза. Бәрі дерлік ізгі лебіздерін жазып жатыр.

@songwonsub87 #сығансеренадасы #домбра #songwonsub #СонгВонСоб ♬ 오리지널 사운드 - SONG WONSUB

Ұсынылатын