Saturday, 23 November,2024

Көркем мінез деген осы ма? Хиджаптағы қыз сауда орталығында шу көтерді

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Хиджаптағы қыз сауда орталығында шу көтерді. Ол ортадағы ер адам ажыратпаса, өзге әйелдің шашын жұлуға дайын тұр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ғаламторда пайда болған видео көпті тіксінтіп тастады. Онда хиджаптағы әйелдің бір келіншекпен ұрсысып тұрғанын көруге болады. Тіпті ол атылып, оның жағасына жармасқысы келеді. Абырой болғанда, ортада тұрған жігіт оларды ажыратады. Ал желі қолданушылары сабыр сақтамаған әйелге түрлі пікір жазып жатыр.

“Не шықса да, осы хиджаптардан шығып жатыр”, “Хиджапта көркем мінез болады деп кім айтты екен? Көркем мінез көңілі мен жүрегіне исламның нәрі, әлпештеген ата-анасы мен халқының салт-дәстүрі сіңген адамда болады”,Әлгі айта беретін сабыр қайда?”, “Дін адамды тәрбиелейді дегеннің дәлелі. Адам болмысынан табиғатынан сыпайы болмаса, кім екенін әйтеуір бір көрсетіп қояды”, - деп жазды желі қолданушылары.

Ұсынылатын