Saturday, 23 November,2024

Көше жиегінде кетіп бара жатқан әкесі мен қызын бетон сынығы басып қалды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Түркияда адам шошырлық жағдай. Серуендеп жүрген отбасы үстіне бетон сынығы құлаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жантүршігерлік оқиға Түркияның Кония қаласында болды. Бейнежазбада әкесі мен әйелі және қызы үшеуі көше жиегінде кетіп бара жатқанын байқайсыз. Көп ұзамай олардың үстіне төбеден бетон сынығы құлайды. Тіпті ер адам мен бүлдіршінді басып қалады.

Соңғы дерекке сүйенсек, әкесі мен қызы бірден ауруханаға жеткізілген. 4 жасар қыз бала мен ер адамның жағдайы өте ауыр. Денсаулыққа үлкен зақым келген.

Белгілі болғандай әлгі бетон құлаған маңдағы ғимараттың қауіпті нысан екені бұрыннан хабарланған. Бірақ сүрілмеген. Нәтижесінде халық күн сайын сол жердегі жаяу жүргіншілер жолымен өтеді.

Енді келіншек отбасына келген ауыр жағдайға байланысты кінәлі тарапты сотқа бермек.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by UAQYT.INFO (@uaqyt.info)

Ұсынылатын