Friday, 20 September,2024

Көшеде қалған композитор: Арман Қайназаров “бомж” боп жүр

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Талай танымал әндердің авторы Арман Қайназаров көшеде түнеп, қаңғыбасқа айналған. Ішімдікке салынған композитордың видеолары әлеуметтік желіде өріп жүр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ел аузында жүрген көптеген әннің авторы Арман Қайназаров қаңғыбас атанған. Композитордың аянышты хәлі желі қолданушыларының аянышын туғызбай қоймады. Тіпті олардың бірі Арманды моншаға апарып, таза киім алып береді. Ал композитордың өзіне көмек керек екенін жеткізген.

Маған көмек керек. Дұрыс ыстық тамақ ішпегелі үш күн болды. Үйде әлі жарыққа шықпаған көп әнім жатыр”, - деді Арман Қайназаров.

Композитордың мүшкіл хәліне жаны ашып, көмек қолын ұсынғандар да табылып жатыр. Қызылорда облысының тумасының неліктен мұндай хәлге жеткені әзірге белгісіз.

Ұсынылатын