Saturday, 23 November,2024

Коста-Рикада 29 жастағы футболшыны қолтырауын жеп қойды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Коста-Рикада өзенде шомылып жүрген 29 жастағы футболшыны қолтырауын жеп қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Коста-Риканың Гуанакасте провинциясында жыртқыш 29 жастағы ер адамды жеп қойды. Футболшы Хесус Альберто Лопес Ортис өзенге шомылуға барған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан қолтырауынның ер адамды сүйреп бара жатқанын көруге болады.

Тәртіп сақшылары адам жеп қойған қолтырауынды атып өлтірді. Айта кетейік, марқұм жергілікті  «Депортиво Рио Каньяс» клубында ойнаған. Оның артында екі кішкентай баласы қалды.

Ұсынылатын