Костенкодағы апат: Шахтаның тоғыз қызметкері қамауға алынды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Бас прокуратура Қарағанды облысындағы Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді. Шахтаның 9 қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы жарылыстарға қатысты тергеу аяқталып жатыр. Шахтаның тоғыз қызметкері күдікті деп танылып, қамауға алынды", – деп хабарлады бас прокуратура.
Еске сала кетейік, 28 қазанда Костенко шахтасында метан газы жарылып, соның салдарынан 46 кенші көз жұмған болатын.