Friday, 17 May,2024

Әжімді кетірмек болған: Өскеменде сұлулық салонына барған әйел көз жұмды

Алмас Абылай
Фото pixabay

Өскеменде көз әжімін кетіру үшін сұлулық салоны қызметіне жүгінген әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

1962 жылғы әйел көзіне блефаропластика жасату үшін сұлулық салонына барған. Бірақ бұл процесстен кейін ол ауруханаға түскен. Сол жерде көз жұмды.

Тексеру барысында әйелдің анафилактикалық шоктан қайтыс болғаны анықталып отыр. Құзырлы орган тексеру жұмыстарын жүргізуде.

"Лицензиясы мен медициналық және басқа да қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ салон қызметкері жоғарыда аталған процедураны жасаған. Біраз уақыттан кейін әйел жансақтау бөліміне түсіп, сол жерде қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел анафилактикалық шоктан қайтыс болған", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, бұл іс бойынша қылмыстық кодекстің 322 бабы 3 бөлігі (Осы қызмет түріне сертификаты (немесе) лицензиясы жоқ адамның медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуы, егер бұл абайсызда адам өліміне әкеп соқса) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ұсынылатын