Saturday, 18 May,2024

Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан қуылуы мүмкін

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

"Әл-Наср" командасының шабуылшысы Криштиано Роналду Сауд Арабиясынан қуылуы мүмкін деп хабарлайды Uaqyt.info.

Криштиано Роналду "Әл-Хилял" командасымен ойыннан кейін жанкүйерлерге ерсі әрекет көрсеткен. Яғни ойында оң нәтиже жасай алмаған футболшыға стадиондағы жанкүйерлер наразылық танытты. Тіпті ойын соңында Криштианоның жүйкесін жұқарту үшін футбол сүйер қауым Мессидің есімін айғайлап айтқан. Бұған қарсы жауап ретінде Роналду ерсі әрекетке барып отыр.

Заңгерлер футболшының дәл осы әрекеті үшін сотқа жүгінбек. Тіпті шабуылшыны қамауға алып, елден қуу мәселесін көтерген.

"Бұл қоғамдық абыройсыздық қылмысы болып саналады. Әрі дәл осындай әрекетті  егер шетелдік жасаған болса, оны қамауға алуға және депортациялауға толық негіз бар", - дейді заңгер.

Айта кетейік Криштиано Роналду "Әл-Наср" футбол командасына өткен жылдың желтоқсан айында ауысып барды. Содан бері 11 ойын өткізіп 11 гол соққан. 2 нәтижелі пас шығарды.

Ұсынылатын