Saturday, 27 April,2024

«Крокус Сити Холлда» қаза тапқандар саны 140-қа жетті

Құрмантай Жантелі
Фото ашық дереккөзден

Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холлда» болған терактіден қаза тапқандар саны артты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді. Оның айтуынша, ауыр жараланғандардың бірі бүгін жан тапсырған. Осылайша, қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың саны тағы бір адамға өсті.

Айта кетейік, қазір зардап шегіп, түрлі дене жарақатын алған 360 адам ауруханада жатыр. Олардың 11-і балалар.

Uaqyt.info Ресейде болған теракті туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын