Күдебаевтің түрмедегілермен мерекелік дастарханда отырған суреті тарады
Алмас Абылай
Фото
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы, Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға сотталған Серік Күдебаевтің тың суреті тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Желіде тараған суреттен Серік Күдебаевтың қамаудағылармен бір дастархан басында отырғанын көруге болады. Түрмеде мерекелік дастархан жайылған.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәлімдеуінше, оның үйден әкелген тамақтарды жеуіне құқығы бар. Оған мұның бәрін туыстары әкелген.
Алайда ол камера ішінде телефон қолданғаны үшін қызметтік тергеу басталды.
Еске салайық, Серік Күдебаев 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде билігін асыра пайдаланып, елден қашып кеткені үшін 10 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған болатын.