Saturday, 23 November,2024

Күдебаевтың түрмедегі суретіне қатысты тексеру басталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың түрмедегі суретіне қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ғаламторда тараған Серік Күдебаевтың суреті қоғамда қызу талқыланған болатын. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мұны заңбүзушылық деп атады.

“Тиісті тексеру жүргізіліп жатыр. Осы жағдай қылмыстық-атқару органдарында біраз олқылық бар екенін көрсетіп берді. Соған байланысты біздің тиісті комитетіміз бар, өздеріңіз білесіздер. Сол комитет Сенаттың тарапынан сараптау жасайды. Оның нәтижесін өздеріңізге мәлімдейтін боламыз. Бұл заң бұзу. Мұндай жағдайға жол бергендер жауапкершілікке тартылады. Қажетті тергеу-тексеру жүргізіледі”, - деді ол.

Uaqyt.info түрмедегі Серік Күдебаевтың өзге адамдармен дастархан басында отырғанын бұған дейін жазды.

Ұсынылатын