Friday, 3 May,2024

“Күйеуіме ренжідім”. Көмекке 200 мың теңге берген Ерке Есмахан шуға қатысты жауап берді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Әнші Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккен өңірге өзге әншілермен қосылып қаржы аударған болатын. 200 мың теңге көмекке берген ол халықтың сынына ұшыраған еді. Алайда өнер иесі ел арасындағы әңгімеге нүкте қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Екі-үш күн бұрын жиналған әншілердің сборының тізімінде қырғын адам тұр. Соның ішінен Ерке Есмахан 200 мың берді дегенді көріп, дәл соны жаңалық етіп, интернетке шығарыпты. "Ұят! 200 мың теңге ғана беріпті" деп шулап жатыр екен. Неге мен, үнемі мені ғана ел сөз етеді осы. Енді сіздер "Ұят!" деп отырған 200 мыңға дейін қаншама көмек кетті бізден. Бұл су тасқынының басталғанына 20 күндей болды ғой. Алдымен өз жеріміз Орал, Ақтөбедегі бірінші туыс, танысқа көмектестік. Қаншама отбасына ақшалай аударым жасалды. Одан бөлек көптеген қорларға ақша жібердік. Сол ақшаның бәрінің есебін шығарып, күйеуіме ренжіп отырмын. Бөліп-бөліп бергеннің өзінде үлкен сома шықты. Одан да сол бөлмей шыққан 6 миллионды бір аудару керек еді. "Дұрыс жасамадық, ауыз толтырып айтатын сома болар еді" деп ренжідім. Ал күйеуім әдеттегідей "Алла білсе болды, адамдар сөйлей береді. Жайбарақат отыра берші" дейді. Әйел адамбыз ғой, қалай жайбарақат отырамыз", – дейді өнер иесі.

Ұсынылатын