Saturday, 23 November,2024

Күйеуін жүк көлігінің астына итеріп өлтірген әйел сотталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Алматы-Бішкек тас жолының бойында өз күйеуін жүк көлігінің астына итеріп өлтірген әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы оқиға былтыр қазан айында болған еді. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жағдай жұрттың жағасын ұстатқан болатын.

Онда әйелдің жол жиегінде тұрған ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жібергенін көруге болады. Алған жарақаттан ол оқиға орнында көз жұмды.

Қасақана адам өлтірген әйел енді 10 жыл ғұмырын темір тордың ар жағында өткізеді.

“Қылмыстық кодекстің  53, 54-баптарының талаптарына сәйкес сотталушы К. қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған, ал ауырлататын мән-жай алкогольден масаң күйде қылмыс жасаған”, - деді Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Ұсынылатын