- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Күйеуіңді де, әкеңді де, балаңды да елітемін". Павлодарлық депутаттың ұятсыз бейнежазбасы тарады
"Күйеуіңді де, әкеңді де, балаңды да елітемін". Павлодарлық депутаттың ұятсыз бейнежазбасы тарады
Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Даримова желіде біртүрлі бейнежазба жариялады. Тіпті оның келбеті мен сөзі көптің қызу талқысына түскен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазбаны Жан Ахмадиев әлеуметтік парақшасына жүктеді. Видеода мәслихат депутатының өзіне тиісетін қыздарға қатты сөздер айтқанын естисіз. Яғни ол кез-келген әйелдің күйеуін де, баласын да, тіпті әкесін де қаратып алатынын меңзейді.
"Маған "жеңіл жүрстісің, эскортницасың" деп жазатын қыздар, сендер қорықпайсыңдар ма? Мен сендердің мекен-жайларыңды тауып, байларыңды тартып ала алмын. Тіпті балаңды да, әкеңді де өзіме қарата алатын жастамын. Әп сәтте үш адамыңды бірдей елітемін", - дейді депутат бейнежазбада.
Желідегі жұрт оның бұл сөзін қатты сынға алуда. Тіпті осы түрімен қалай депутат болған деген ойын да жазған.
Дей тұрғанымен Гүлжайна Даримова өзінің әлеуметтік парақшасында аталмыш бейнежазбаға түсініктеме беріпті. Сөзінше бұл әзіл ретінде түсірілген видео. Әрі бір жыл бұрын, депутат болмай тұрғанда жазылған дүние екен. Қазір атымды қаралау үшін арнайы таратып отыр дейді.