Saturday, 27 July,2024

Күлдіремін деп бүлдірді: Танымал блогерді балағаттаған стендапер қамауға алынды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Madlen лақап атымен танылған Мадина Мамадалиеваны стэндап кезінде балағаттаған Нұрасхан Басқожа 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады. Онда әзілкешке Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылғаны айтылған. Бұл бап бойынша ол 15 тәулікке қамалды.

“Сот анықтағандай, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап айту кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады”, – делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Айта кетейік, стендап-комик сахнада Madlen туралы жиналғандарға орынсыз әзіл айтамын деп басы дауға қалған болатын. Кейіннен танымал блогер оны сотқа сүйрейтінін мәлімдеген еді.

Ұсынылатын