Thursday, 19 September,2024

Күзетшілер қалың ұйқыда болған: Ақтөбе түрмесінен екі қылмыскер қашып кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақтөбе түрмесінен екі қылмыскер қашып кетті. Олар күзетшілердің қалың ұйқыдағы сәтін сәтті пайдаланған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“19 және 25 жастағы күдіктілер кеше таңғы 03:00 шамасында қалың ұйқыға кеткен күзетшілердің қасынан оңай өтіп кеткен. Күдіктілердің бірі ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін, екіншісі бұзақылық бабы бойынша тұтқындалған”, - делінген Qazaqstan.tv ақпаратында.

Қазіргі уақытта уақытша ұстау абақтысынан қашқандар ұсталды. Полиция түрме қызметкерлеріне қатысты тергеу амалдардын жүргізіп жатыр.

Ұсынылатын