Sunday, 24 November,2024

Күзгі демалыста оқушылар неше күн демалады?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрлігі оқушылар күзгі каникулда неше күн демалатынын айтты, - деп хабарлайды Uaqyt.info.

Tengrinews.kz жазуынша, еліміздегі мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын.

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда оқушылар 7 күн демалады: 30 қазаннан 5 қарашаға дейін.

Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы болады, қысқы демалыс 10 күн болады, ол 2023 жылы 29 желтоқсанда басталып, келер жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады.

Министрлік оқушылардың күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында төмендегі іс-шаралар жоспарын ұсынады:

Жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;

«Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау;

«Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, «Педагог-бала-ата-ана» бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;

Қожа Ахмет Яссауидің 930 жылдығына орай «Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу» тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу;

Оқушылар арасында «Өнегелі өмір» тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;

Оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп «Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;

«Әкеге ізет, анаға құрмет» тақырыбында «Жас ақындар айтысы» байқауын ұйымдастыру, жеңімпаздарын марапаттау енгізілді.

Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.

Ұсынылатын