Лакшми Митталды халықаралық сотқа беру керек – депутат
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның басшысы Лакшми Митталды халықаралық сотқа беру керек екенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы депутат «Adal Adam» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.
“Елімізден 30 жылдан бері бүкіл зауыттан қаншама қаржы жымқырылды. Мемлекетке қаншама зиян келді. Олар (АрселорМиттал Теміртау – ред.) Қазақстанға салық төледі. Қазақстанның экологиясына зиян келді. Соның барлығын есептеп халықаралық аудитор компаниясын шақырып, осы есеп бойынша біз жауапты азаматтарды сотқа беруіміз керек. Онсыз болмайды. Осы уақытқа дейін қаза тапқан 200-ге жуық адамның да құны бар. Біз олардың құнын сұрауымыз керек. Олар біздің бостандығымызға, намысымызға тиіп отыр. Сондықтан олармен келісімшартты жай ғана бұзып тастамай, Қазақстанға қандай моральдық, материалдық зиян келді, соны өндіруге жұмыс істеуіміз керек”, - деді депутат.
Айта кетейік, Костенко шахтасында болған апаттан 46 кенші көз жұмған болатын. қайғылы оқиға туралы Uaqyt.info бірнеше материал жазды.