Лаңкестік қауіп: Ұлыбритания "Вагнер" жасағын террористік ұйым тізіміне қосты
Ұлыбритания "Вагнер" жалдамалы әскери жасағын террористік ұйым деп жариялады. Әрі ондағы сарбаздарды британ билігі жауапқа тартпақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Риа Новостидің жазуынша, "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы Ұлыбританияда тыйым салынған ұйымдардың тізіміне енгізілген. Бұл тізімде өзге 78 пиғылы алабөтен ұйымдар бар.
Бұйрық мемлекетте бірден күшіне енді. Осылайша "Вагнер тобына" жататындар немесе оны белсенді қолдаушылар бұдан былай Ұлыбританияда 14 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады.
Айта кетейік, бұған дейін аталмыш әскери ұйымның басшысы ұшақ апатынан көз жұмды делінген Евгений Пригожин еді. Ондағы сарбаздар Мәскеуді басып алу әрекетінен кейін Беларусияға кетті. Әрі аталмыш ел Президенті Александр Лукашенко "Вагнер" тобының жасағы елден кетпейтінін және Белоруссияда "өмір сүріп, жұмыс істей беретінін" айтқан болатын.