Monday, 25 November,2024

Ленин, Маркс, Фрунзе: Семейде қазақ халқының шамына тиген көшедегі тас мүсіндерді алып тастады

Алмас Абылай
Фото

Семейдің Жамақаев көшесінде ұзына бойы тізілген тас мүсіндер тұтастай алынып тасталды. Бұл туралы өңірдегі белсенді жастар жарыса хабарлауда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Белсенділердің бірі Шәкәрім Абдоллаев әлеуметтік парақшасында қазақ халқынан сүйінші сұраған бейнежазбасын жариялады. Видеода 20 шақты Совет кезеңіне тиесілі тас мүсіндерің толықтай алынып тасталғанын айтады. Әрі осы іске бір кісідей атсалысқан азаматтардың атын атап, алғысын жеткізген.

"Бүгін жақсы ұйықтадым. Неге десеңіздер, мында тұрған Лениннің бүкіл басын алды. Нұрлан Ұранхаев ағама алғысымды айтамын. Ер екен. Шыны керек, көптеген адамдар осы бастардың тұрғанын қалайтын. Мені қолдаған ННН деген бауырыма, Нұрсейіт Жылқышыбай, Батыр Жүкембаев, вайнер Сека, қасындағы жігіттердің барлығы, Айдар ағамыз, Жанқош Тұраров секілді жігіттерге алғыс. Әрине бұл тас мүсіндерді алдыруға қол жинағанда белді, беделді спортшылардың жүрегі дауаламағанын ашық айта аламын. Қорықты. Осы жігіттер қолдады. Бәрі сіздердің арқаларыңыз", - деп қуанышын жеткізген ол.

Сонымен қатар, сол маңда тұрған 3 метрдей Ленин ескерткішінің де алынғанын қалайтынына тоқталады.

<

Ұсынылатын