ЛГБТ Қазақстанда балаларға арнап сайт ашты
Осылай деп дабыл қаққан журналист Оңғар Қабден Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға үндеу тастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында балалардың болашағына балта шабатын сайтты бұғаттауды талап етіп, жазба қалдырған.
“Мына ЛГБТ деген иттің балалары Қазақстанда оқушы балаларға арналған сайт ашыпты. Қазақ және орыс тілінде. Секс, қарым-қатынас, ғашықтық, ұлмын ба, қызбын ба, күмәнді деген тақырыптарға арналған бөлімі де бар. Мына түрімен жақында мектеп бағдарламасына еніп, біржынысты махаббаттың түр-түрін көріп жүрмейік.
Бұлар қазақ руханиятын құрту үшін әдейі істеп отыр! Әйтпесе, мынандай сайт жасауға аз қаржы кетпейді! Біреулер елімізде балалар мен жасөспірімдер арасында ЛГБТ идеясының кең құлаш жаюына мүдделі сияқты!
Аида Балаева ханым, шұғыл түрде мына сайтты бұғаттаңыздар! Ұл-қыз өсіріп отырған әрбір ата-ана соны талап етіңіздер! Сөз бостандығы, демократия деп бұлталақтауды қою керек! ЛГБТ-ның балаларға арналған сайты жабылсын!
ЛГБТ-ның сайты жабылсын десеңіздер пікір алаңындағы петицияға өтіп, қарсылық білдіріп қол қойыңыздар!!! Лайк басып, пікір жазып, парақшаңызда бөлісіңіздер! Таратайық! Бөлісейік! Балаларымыздың болашағы өз қолымызда! Ертең кеш болады!”, - деп жазды Оңғар Қабден.