Sunday, 5 May,2024

Лионель Месси карьерасындағы 800-ші голын соқты

Уақыт.кз
Фото

Әйгілі футболшы, Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Панама командасына қарсы жолдастық кездесуде 800-ші голын салды, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Бұл туралы Vesti.kz жазды. Онда 35 жастағы футболшының кәсіпқой карьерасындағы 800-голын салғаны туралы айтылған. Айта кетейік, Месси клубтық мансабында 701 рет көзге түссе, ұлттық құрама деңгейінде 99 голдың авторы атанып отыр.

Лионель Месси Аргентина құрамасының сапында 2005 жылдан бері өнер көрсетеді және ол команданың ең мықты бомбардирі. Аргентина Катарда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.

Ұсынылатын