Sunday, 24 November,2024

Мәдениетті пара: Шымкентте басқарма басшысы ұсталды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Шымкентте қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысы парамен ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

"Ол өзінің қарамағындағы адамнан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде", - делінген ақпаратта.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ұсынылатын